Дәл осы күні Парижде және Петерборда зағиптарға арнап мектептер мен кәсіпорындар ашқан француз педагогі Валентин Гаюи дүниеге келген.
Қазіргі таңда Астанада мүмкіндігі шектеулі 12 585 адам тіркелген, олардың арасында көру органдарының қызметі бұзылған адамдар да бар. Осы азаматтарға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің астаналық филиалы да көмек көрсетіп келеді. Қазір қоғамдағылардың қамқорлығында 450 адам бар, олардың 65 пайызынан астамы егде жастағылар болып табылады.
Астанада мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнап қалада қолайлы орта құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Көшелердің қиылыстары мен көшелерде дыбыстық сингалдары бар бағдаршамдар қолданылады, олар көздері нашар көретін адамдардың жолдан өтуіне көмектеседі.
Жолдан өту қолайлы болуы үшін көру қабілеті бойынша І топтағы 294 мүгедек жан инватакси қызметін пайдаланады. Бұдан бөлек, Астанада былтырғы жылдан бастап № 23 балабақша негізінде нашар көретін және мүлдем көрмейтін зағип балалар үшін арнайы топ жұмыс жасайды. Қазір топта алты бала бар, олармен білікті тәрбиешілер, дефектологтар, логопедтер және тифлогопедагогтер жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көру қабілеттері бұзылған азаматтарды мүмкіндігінше көбірек жұмысқа тарту үшін білім беруге көп көңіл бөлінеді. Астанада медициналық колледжде бике ісін оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды, оған көру қабілеті бойынша 16 мүгедек жан түсті.