13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей аймақта жауын-шашын жауып, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігінде ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Атырау облысында тұман түседі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түседі, көктайғақ күтіледі.Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.