Қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

12.11.2015
Қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Индонезияда өткен байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Азия чемпионатында спортшыларымыз Сергей Токарницкий мен Зоя Ананченко алтын және күміс медальді жеңіп алып, 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін қажетті нормативті орындады. Чемпионатқа 20-дан астам елден 475 спортшы қатысты.

Жоғары спорт шеберлігі мамандандырылған мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Токарницкий 200 метр қашықтықта Азия чемпионы атанды. Спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Кубогы мен ҚР IV Жазғы спартакиаданың жеңімпазы.

Сондай-ақ, Астана қ. ЖСШММ спортшысы Зоя Ананченко екінші болып мәреге жетті, бұл оның 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін  XXXI Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алуына мүмкіндік берді. З. Ананченко  байдарка мен каноэде ескек есу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Инчхон қаласында (Корея) өткен XVII Азия ойындарының қола жүлдегері. Соңғы ҚР IV Жазғы спартакиадасында спортшы бірнеше қашықтықтағы (К-1100 метр, К-4500 метр, К-2200 метр) жоғары сынамалы медальдарын иеленді.

Астана спортшыларының бұрын 2016 жылы Рио-де-Жанейрода тамыздың 5-інен 21-іне дейін өтетін  XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алғанын естеріңізге саламыз. Олардың арасында  Елена Потапенко (қазіргі заманғы бессайыс), Инна Клинова (байдарка мен каноэде ескек есу), Досжан Қартықов пен Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі), Флорида Менянова (жеңіл атлетика), Василий Левит және Данияр Елеусінов (бокс) бар.

 

Хабарламаларға жазылу