Бухаресттегі түнгі клубта болған өрттің салдарынан мерт болғандар саны 51-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бухаресттегі түнгі клубта болған өрттің салдарынан мерт болғандар саны 51-ге жетті

12.11.2015
Бухаресттегі түнгі клубта болған өрттің салдарынан мерт  болғандар саны 51-ге жетті

Румыния астанасындағы түнгі клубта қазан айының соңында болған өрттің салдарынан мерт болғандар саны 51-ге жетті. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Сәрсенбі күні 18 және 19 жас аралығындағы екі жасөспірімнің көз жұмғандығы мәлім болды.  Олар емдеу үшін арнайы Англияға әкелінген болатын. Бұған қоса, осы оқиғаның салдарынан өрт болған күні түнгі клубта өнер көрсеткен Goodbye to Gravity рок-тобының бас гитарашысы да мерт болғаны анықталды.  

33 жасара музыкант Алекс Паску Румыния Ішкі істер министрлігінің ұшағымен Бухаресттен Парижге жеткізілген. Алайда, ол ұшақ жерге қонысымен көз жұмды.

Осыған дейін осы музыкалық топтың тағы 3 қатысушысының мерт болғандығы айтылған еді. Бүгінгі таңда ұжымның тек бір мүшесі ғана, топтың әншісі Андрей Галут қана аман қалды.  

Билік өкілдерінің деректерінше, қайғылы оқиғадан соң Бухарест ауруханаларында әлі 76 адам емделуде. Олардың 24-нің жағдайы мүшкіл, 29 азамат шет мемлекеттерде ем алуда.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына түнгі клубта ұйымдастырылған отшашулар себеп болған. Қазанның 30-нан 31-не қараған түні рок-топтың «Біз көз жұматын күнде» атты әні басталғанда отшашу басталып, оның соңы өртке ұласқан. Қайғылы оқиға болған күні түнгі клубта 400 адам болған. 

Өрт басталған алғашқы бір сағаттың кезінде 27 адам мерт болған, тағы 200  зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген.

Өрт оқиғасына байланысты Румынияның Бас прокуратурасы іс қозғап, клубтың иелері 30 күнге тұтқындалды.  

 

Хабарламаларға жазылу