Бұл туралы Сочиде Бас прокуратураның Федералды қауіпсіздік туралы заңнамаларының орындалуын қадағалау, ұлтаралық қатынастар, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру басқармасының басшысы Юрий Хохлов мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
Қадағалау ведомствосы өкілінің айтуынша, бұғатталған сайттар арқылы «Ислам мемлекеті» мен өзге де террористік ұйымдарға қаржы жиналып келген.
«Бүгінгі таңда біздің еліміздің аймағында прокурорлардың мәліметтерінше, 68 ұйымның қызметіне тыйым салынған. Оның ішінде 44 ұйым экстремистік бағыттағы дан танылды. Олардың 3-уі халықаралық ұйым»,-деді Хохлов.
Оның сөінше, қалған ұйымдардың барлығы террористік бағытта саналады. Олардың әрқайсысының өзінің сайты бар және олар мыңдап саналады. Ал, орыстілді аудиториямен байланыс үшін олар, фейсбук, твиттер, вконтакте, сияқты коммуникациялық мүмкіндіктерді пайдаланады.
Ал, YouTube желісінде 50 бейнеролинімен бірге «Имарат Кавказ» террористік ұйымының арнасы жойылған.
10 қараша күні ФҚҚ-нің (ФСБ) директорының орынбасары Андрей Новиков «Ислам мемлекеті» ұйымының құрамында 7 мыңға жуық ресейліктің жүргенін айтқан болатын.
Ресейлік арнайы қызмет өкілдерінің мәліметтерінше, 2015 жылдың ортасындағы мәліметтер бойынша «Ислам мемлекеті» ұйымының өкілдерінің саны 80 мыңға жетті.