![«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54959.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оны көрермендеріміз сол күні тікелей эфир арқылы көре алады. Сол жиында «Қазақстан -Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтың басты арнасы – Главный телеканал Прииртышья» кітабының тұсауы кесіледі.
Сағат 15:00- 16:00 «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы ролі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Қазақстан - Павлодар» телеарнасы мен Ресей Федерациясы Алтай мемлекеттік телерадиокомпаниясы арасындағы Меморандумға қол қойылады.
Алыстан келген меймандармен «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арнап безендірілген трамваймен шағын экскурсия жасап, Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралап көрсету жоспарланып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/104373/)