Шара Дина Нұрпейісова атындағы академиялық Қазақ Халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Атырау облысының Құрметті азаматы Орақ Жауыровтың 70 жылдық мерейтойына арналған.
Концерттік бағдарламаға аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, жүрекжарды тілегін білдірді.
Шара Орақ Жауыровтың дирижерлік етуімен Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйімен басталды. Сондай-ақ, «Астана Опера» театрының әншісі, «Үлкен опера» байқауының бас жүлдегері Салтанат Ахметова мерейтой иесінің дирижерлығымен Латиф Хамидидің «Бұлбұлын» орындады.
Кеш Исаак Дунаевскийдің «Заздравная» әнімен мәресіне жетті, деп хабарлайды, atr.kz.