Селфи-тәуелділікке қарсы дәрі сатыла бастадыҰлыбританияда селфи-тәуелділіктен арылтатын дәрі сатыла бастады. Metro жазғандай, бұл препараттың тынысты ашатын жағымды жалбызды дәмі бар. Селфиге тәуелді адамдарға ол психолгиялық тұрғыдан әсер етеді, ал тікелей дәрілік әсері жоқ десе де болады.
Өзін жиі фотоға түсіруге құмар жандарға бұл дәрі біраз пайдасын тигізетін болады. Алайда, бұл дәрінің де басқа дәрілер сияқты қолдану нұсқаулығы бар.
Дәріге берілген сипаттамада оның бірегейлігі, ерекшелігі және жасырын жеткізу мүмкіндігі көрсетілген. Бір қызығы, оны әйелдерге үш рет, ерлерге екі рет тұтыну ұсынылады.
Дәріге британдық Anti SelfieTabs интернет дүкенінің ресми сайтынан тапсырыс беруге (бағасы 2,99 фунт - 4,5 доллар) болады. Бір қорапта 36 жалбызды кәмпит. Бір уақытта бес орамаға тапсырыс беруге болады.
ҚазАқпарат