Дәстүрлі ши тоқу өнері - ежелден келе жатқан кәсіп. Қазақтың қадым заманнан қалыптасқан бұл өнері бүгінде жаңаша түрленіп келеді.
Табиғатында бұл өнердің үш түрі бар. Ақ ши, орама және шым ши тоқу.
Аршылған ақ шиді көбінесе киіз басуға қолданады. Сондай-ақ, тұрмыста құрт, ірімшік жаюға таптырмас дүние. Ал, орама шиді бойына түрлі-түсті жүнді өрнекке байланысты орап отырып тоқиды.
«Таңшолпанның» бүгінгі кейіпкері – қолөнермен 35 жылдан бері айналысып келе жатқан Райгүл Ахметжан.
Ол ши тоқуда тек жүнді ғана пайдаланып қоймай, қағазбен, матамен де түрлі картиналар жасап шығарады. Тіпті, сырыққа таспен бастырмай-ақ, түрлі пішінде тоқып шығарады.
Шебер «Ши тоқу өнерін кез келген адам меңгере алады. Тек шыдамды, еңбекқор, әрі оймен де, қолмен де сурет сала білуі керек», дейді.
Толығырақ «Таңшолпанан» көріңіз.