Бесікарбаларды таңдауда нені ескерген дұрыс? Алдымен оның қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, ыңғайлы болғаны жөн. Ана нәрестесін оған еш қиындықсыз жатқыза алуы тиіс.
Әмбебап бесікарбалар бірнеше жағдайда қолданылады. Оларға жаңа туған сәбиден бастап, 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді жатқызуға болады.
Бесікарбаларды таңдағанда ең бірінші ескеретін ереже - баланың арқасы көлденең жататындай болуы керек.
Сондай-ақ, бесікарбалар көлемі және дөңгелек сандарымен де ерекшеленеді. Оның өз салмағы 7-8 келіден жоғары болады. Баланың салмағымен қосқанда, 20-23 келіден аспауы керек.
Бала көлігін сатып аларда тағы қандай жайттарды ескерген жөн? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.