Мейрамхана әдебі бойынша, жігіт қыздың оң жағына немесе қарама-қарсы отырғаны абзал.
Сондай-ақ, дастархан басында телефонмен сөйлесу мейрамхана мәнеріне жатпайды. Күтпеген жерден қоңырау соғылса, кейін хабарласуын сұраңыз. Ал, шұғыл мәселе болса, кешірім сұрап, үстелден тұрып кетіңіз.
Әкелген тамақты иіскеу немесе ұнатпаған жағдайда дауыстап сын айту да - әдепсіздік белгісі. Тағамды жеуге қасыңыздағылардың тапсырысы келген соң ғана кірісіңіз. Тамақ жеп отырып, сөйлеуден аулақ болыңыз.
Сондай-ақ, есепшотты кімнің төлейтіні алдын ала шешіліп қоюы тиіс. Бұл мәселе даяшының көзінше талқыланбағаны абзал.
Мейрамхананың Сіз ескере бермейтін тағы қандай мәдениеті бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.