Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев, «Халық қаһарманы», ғарышкер А.Айымбетов қатысты.
Форум делегаттары үшін кеше М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «NEET санатына жататын жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері» және «Жастар ұйымдарының көрсететін қызметтерін дамытуда озық тәсілдерді пайдалану» тақырыбында секциялық жұмыстары ұйымдастырылды.
Айта кету керек, форум қонақтары мен делегаттар алдымен Студенттер сарайында ұйымдастырылатын жастардың инновациялық идеялар мен жобалар көрмесіне қатысты.
Көрмеде Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен қаладағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен жас мамандары өздерінің идеялары мен тың жобаларын ұсынды.
Сонымен қатар, форумда жастар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісетін болады. Форум аясында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысқан үздік қоғамдық ұйымдар мен жастар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды, деп хабарлады бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.