Мақсат Базарбаев: Тыңдармандарыммен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отырамын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақсат Базарбаев: Тыңдармандарыммен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отырамын (ВИДЕО)

09.11.2015
Мақсат Базарбаев: Тыңдармандарыммен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отырамын (ВИДЕО)

«Қайда барсам да, «Сахнадан неге көрінбей кеттің?» дегенді жиі еститін болдым.

Тоқтап қалған жоқпын, әндер жазылып жатыр, түсірілімдерге, түрлі концерттерге қатысып жүрмін. Шығармашылық жұмыстарым жалғасуда», дейді әнші.

«Өнерде жүргеннен кейін халыққа есеп беру - міндет. Сондықтан, жеке кешімді өткізу - қазіргі кездегі ең басты мақсаттарымның бірі», деген өнер иесі тыңдармандарымен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отыратынын жеткізді.

Сондай-ақ,әнші студияда көрермендер тарапынан түскен отбасы туралы сауалдарға жауап берді. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу