Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын (ВИДЕО)

09.11.2015
Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын (ВИДЕО)

Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі - Алматыдағы орны бөлек мәдениет нысандарының бірі.

Қазақ бейнелеу өнерінің атасы бұл үйде 1958-1973 жылдары тұрған. Мұнда суретшінің кезінде тұтынған дүниелері мен 100-ге тарта  жұмысы қойылған. Шебердің қарындашпен, қылқаламмен салған алғашқы туындыларын да осы мұражайдан көруге болады.  

«Мұнда жиі келетіндер - бейнелеу өнерін меңгеріп жүрген жастар, танымал суретшілер мен шебердің көзін көргендер», дейді мұражай-үйінің директоры Еркін Нұразхан.

Қолданған заттарының ішіндегі ең құндысы - сурет салуға арналған құрал-саймандары. Бұлардың бәрін суретші өз қолымен жасаған екен. Қызы Гүлдәрия Қастеева «Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын», деп еске алады.  

Толығырақ «Таңшолпанда».  

Хабарламаларға жазылу