Жуырда ғана жүргізілген зерттеу жұмыстары музыканың адам өміріндегі маңызды компоненттердің бірі екендігін көрсетті. Музыка тыңдап өскен баланың математикаға деген құштарлығы артатындығы осыған дейін де дәлелденген. Музыка сонымен қатар, есте сақтау қабілетті де жақсартады.
Тарқатып айтсақ, біріншіден, музыка адамды әдемі сезімдерге бөлеп, романтикаға жетелейді. Ғалымдар 4 жыл қатарынан жүргізілген зерттеулер кезінде екі жастың танысу кезінде әдемі әуен ойнап тұрса, танысуды мақсат еткен кездесулердің 80 пайызы жеңіл, сәтті болатынын дәлелдеді.
Ғалымдардың айтуларынша, мұндай жағдайда қыздар ашық болады әрі бейтаныс адаммен тілдесуге оңай барады. Тәжірибе кезінде кездейсоқ жағдайда танысқан 26 жұп бір-бірімен жақын араласып кеткен, олардың 8-і тіпті отау да құрған.
Ал, қатты тарсыл-гүрсілге негізделген жағымсыз музыка адамды қатал етіп, адамның тек көңіл-күйін бұзып қана қоймай, оның өзгелермен қарым-қатынасын да сүйкімсіз етеді.
Ғалымдар сонымен қатар, әсем әуеннің шараптың дәмін де келтіретінін дәлелдеді.
Ғалымдар музыкаға қатысты жақында тағы бір қызықты тәжірибе жүргізген. Олар тәжірибеге жоғары оқу орнының студенттерін қатыстырған. Студенттерді екі топқа бөліп, олар оқумен айналысады. Бұл уақытта ғалымдар бірінші топқа классикалық музыканы қосып қойса, екіншісіне роктан бастап, өзге де түрлі саздарды тыңдатады. Кейіннен мәлім болғанындай классикалық музыка тыңдап отырып, сабақтарына дайындалған суденттердің оқуға деген зейіндері өте жоғары болған.
«Әрине, кімнің не тыңдайтынын өзі біледі. Алайда, әсем әуеннің адамның миына да, ағзасына да пайдасының зор екені айдан анық»,-дейді ғалымдар.