Бүлдіршіндеріңіздің былдырлаған тілін, тәтті қылықтарын, сыңғырлаған күлкісін, ұтымды жауабын естіңіз келе ме?
Енді еліміздің әр өңіріндегі кішкентай көрермен «Баламен бетпе-бет» хабарында қонақта бола алады.
Сондай-ақ, хабар барысында ата-ана баласына қатысты жеке пікірін де білдіре алады.
Қырмызы, Мәлікислам және Жібектің жүргізуші қойған тосын сауалдарға берген жауаптарын тыңдағыңыз келсе, бүгін 11:05-те «Баламен бетпе-бет» хабарын көріңіз.