Бүгін, 7 қарашада, Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) кездеседі.
Жекпе-жек алдында екі боксшы салмақ өлшеп, жеңіл салмақ дәрежесінің (118 фунтқа дейін; 53,524 келі) лимитіне сай келді.
Қазақстандық Жанат Жақияновтың салмағы 53,22 келі (117,3 фунт) болса, венесуэлалық Йонфрес Парехоның салмағы 53,31 келі тартты (117,5 фунт).
Айта кетейік, бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді.