Миландағы түрмеде мейрамхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миландағы түрмеде мейрамхана ашылды

07.11.2015
Миландағы түрмеде мейрамхана ашылды

Миландағы Боллате түрмесінің ғимаратында «InGalira» мейрамханасы ашылды. Мекемені тұтқындардың өздері басқарады.

Командаға арнайы екі жетекші аспаз шақырылған.

Түрме директоры Массимо Паризидің айтуынша, мейрамхана тұтқындардың қоғаммен байланысын нығайту, қайта қалпына келтіру мақсатында ашылған.

Мейрамханадағы тағамдардың орташа бағасы – 12 евро. 

Хабарламаларға жазылу