АҚШ әуежайдағы қауіпсіздік шараларын күшейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әуежайдағы қауіпсіздік шараларын күшейтпек

06.11.2015
АҚШ әуежайдағы қауіпсіздік шараларын күшейтпек

Бұл туралы  Bloomberg жазды.

Аталмыш агенттік өкілдері жұма күні, яғни 6-қарашада АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі халықаралық рейстерде қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданатындығын жария ететіндігін мәлімдеді. 

Нақты қандай шаралар қолға алынатыны туралы әзірге ештеңе айтылмаған. Бейсенбі, 5 қараша күні АҚШ президенті Барак Обама американдықтар А321 бортында террористік акт ұйымдастырылған деген  пікірде екендігін айтқан.

Сонымен қатар, қазір Италия елінің өкілдері де ұшу қауіпсіздігін нығайтуды қолға алды. Associated Press  агенттігінің жазуынша, кейбір ұлттық компания өкілдері жағдайды түсініп, әуежайларда қосымша қауіпсіздік шараларын енгізді. Ұлыбритания мен Нидерланды елдері болса, бірнеше күнге Шарм-эль-Шейхке ұшатын рейстерді тоқтатты. Франция Үкіметі ел тұрғындарын аталған демалыс аймағына уақытша болса да бармай тұра тұруға шақырды. 

Айта кетейік, «Когалымавиа» компаниясының Airbus A321 ұшағы 31-қазан күні Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерургке бет алған болатын. Ол әуеге көтерілген соң 23 минуттан байланыстан тыс қалған. Лайнер Синай жартыаралына құлап, оның бортындағы 224 адам түгелдей мерт болды.   

  

 

 

Хабарламаларға жазылу