Нұрмағанбет Нүрпейісов: Инновация қолжетімсіз дүние емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрмағанбет Нүрпейісов: Инновация қолжетімсіз дүние емес

06.11.2015
Нұрмағанбет Нүрпейісов: Инновация қолжетімсіз дүние емес

Бір кездері Нұрмағанбет Нүрпейісовтің  денсаулығы сыр беріп, жарымжан атануға сәл-ақ қалған болатын. Бірақ, өзгелерге мұқтаж болуды қаламаған ол ауруымен күресіп, жеңіп шықты. Қазіргі таңда өндірісі оңға басқан кәсіпкер.

«Алғашында халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бастадық. Яғни, шаштараз сынды кішігірім бизнестер болды. Бірақ, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда,  мемлекетке ешқандай пайда тигізбеді. Егер нарықта бар кәсіппен айналыссаң, жаңалық ашуың екіталай. Ал, инновациялық жоба бұл тың бағыт. Бірақ, өзіндік қиыншылығы бар. Ойлап табу мен айналымға енгізу  қиын шаруа»,-дейді кәсіпкер.

Ол уақыт өте келе өндірістік компания құрды. Бастапқыда әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта ұсынғанымен халықтың өнімге деген сұранысы бәсең болды.

Көп ұзамай тауардың сапасы мен ерекшелігіне қарай тапсырыстың ауқымы ұлғайды. Тіпті, жұмысқа тартылған адам саны мен техника уақытында өтей алмағаны рас. Қазір бизнес қарыштап дамып келеді.

Халықтың сұранысына қарай, тапсырысты орындау жүйелі жолға қойылған. Техниканы да шетелден алдырудың қажеті болмады. Нұрмағанбет Нүрпейісов жаңа тауарын өзі жасаған құрылғылармен шығаруды жөн көрді.

«Инновация деген қолжетімсіз дүние емес, оны дұрыс қабылдағанымыз жөн»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу