Керекуде нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керекуде нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды

05.11.2015
 Керекуде нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды

Павлодар қаласында «BB NURA» бірегей нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Медициналық орталық «ABM Investment Group» басқарушы компаниясы ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылды.

Кәсіпорынның негізгі серіктесі – германиялық «B.Braun Avitum AG» компаниясы. Жекеменшік инвестор аталмыш жобаға 30 млн теңгеден астам қаржы құйған. «BB NURA» ЖШС аймақтық филиалының директоры Амангелді Қасеновтің айтуынша, бүгінгі күннен бастап облыста ерте диагностика мен оңалту кезеңдерін қамтитын медициналық көмек көрсететін нефрологиялық кластер құрыла бастады.

Сырқаттарға көрсетілетін қызметтердің бірі – «Жасанды бүйрек» апаратының көмегімен қан тазарту. Сонымен қатар кеңестер беріліп, медикаментоздық көмек ұсынылады. Орталық жылына 48 мың процедура жасай алатын 25 «Dialog» атты жаңа құралдармен жабдықталған. Аталмыш ЖШС пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы арасында жасалатын келісімшартқа сәйкес сырқаттар диеталық тамақтану мен қажетті ем қабылдау тегін жүргізіледі.

«Толық нефрологиялық қызмет науқастарға көмек көрсетудің барлық түрін қамтиды. Атап айтқанда, гемодиализді қоса алғанда (қанды бүйректен тыс тазарту) ерте диагностикалаудан бастап алдын алуға дейін, тамырларды қалыптастыру, кеңес беру, диагностикалық және медикаменттік көмекпен қамтамасыз ету.

Орталықтағы емдік шаралардың барлығы «Dialog» атты заманауи диализ аппаратымен жасалады. Науқастарды бүйрек алмастыруға дайындау үшін нефрологиялық қызмет бастапқы медициналық буынмен және республикалық орталықтармен бірлесе жұмыс жасайды.

Орталық мамандары аймақтағы науқастардың барлығын диализ қызметімен толық қамтитын болады», - дейді нефрологиялық орталық бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Дүймағамбетов.

 

Хабарламаларға жазылу