Жаңа кешенде жазылуы қиын ауруларды алғашқы даму сатысында анықтап беретiн, тiптi ананың құрсағындағы күрделi патологиялық өзгерiстердi дәл табатын заманауи жоғары технологиялы аппарат пен құралдар шығарылатын болады.
«KAZMEDPRIBOR Holding» компаниясының президентi Рахат Байзақовтың бұл жобасы жуырда Астанада ҚР Президентi Н.Назарбаев пен Жапония Премьер-министрi Синдзо Абэнiң төрағалығымен өткен қос елдiң iскер топ өкiлдерi қатысқан бизнес-форумда көпшіліктің қызығушылығын тудырған болатын.
Алдағы уақытта бой көтеретiн өндiрiс кешенi де жапондық «SHIMADZU» фирмасымен серіктестік орнату нәтижесінде бой көтеруде. Жылына 60 мың дана өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорында 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.
Соның арқасында отандық компания ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың заманауи рентген аппаратына деген сұранысын өңiрде ғана емес, республика бойынша да қанағаттандырмақ.