Кездесу барысында жаһандық нарықтардағы ахуал, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сондай-ақ, қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы – Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды. Тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жаңғыртулар перспективасына да арнайы тоқталды.