Бүгін – Гүлнәр Досматованың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Гүлнәр Досматованың туған күні

05.11.2015
Бүгін – Гүлнәр Досматованың туған күні

Гүлнәр Досматова киноға 12 жасынан бастап түскен.  Ол алғаш рет Абдолла Қарсақбаевтың «Даладағы қуғын» атты фильмінде Әйгерімнің рөлін сомдаған. Бұл фильм актрисаның өнер жолындағы бағын ашқан туынды.

1985 жылдан бері актриса «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеп келеді.  Гүлнәр осы жылы Сергей Шутовтың «Адамдық болмыс» туындысында Дария рөлін сомдады. Бұл кинокартина Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде жүлдеге ие болды.  Ал, Гүлнәр Досматоваға «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша бас жүлде берілді.

Актриса сомдаған жалғыз ұлы Сұлтанның соңында қалған тұяғы бар екенін естіп, жолға шыққан Қожабек ақсақалдың келіні Саяның рөлі де көрерменді бей-жай қалдырмады.

Талғат Теменовтың «Қызғыш құс», Қанымбек Қасымбековтың «Қызыл отау» сынды 20-дан аса фильмде түрлі рөлдерді сомдады. Гүлнәр Досматова тек актриса ғана емес, концерттер мен кинофестивальдердің жүргізушісі.

«Тоғысқан тағдырлар», «Шегіртке» сынды отандық телехикаяларда да сәтті ойнап шықты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу