Kaspi және Казком банктерінің өкілдері Taiburyl қоры шәкіртақысының иелеріне сертификаттар табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kaspi және Казком банктерінің өкілдері Taiburyl қоры шәкіртақысының иелеріне сертификаттар табыс етті

05.11.2015
Kaspi және Казком банктерінің өкілдері Taiburyl қоры шәкіртақысының иелеріне сертификаттар табыс етті

Аталмыш шараға «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов пен «Taiburyl» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Олжас Құдайбергенов қатысты. 

Сертификаттарды тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген Михаил Ломтадзе: «Біз «Kaspi Bankтің» директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен ұжым өкілдері білім өмірдегі ең басты құндылық деп есептейміз. Бұл сені ылғи да алға жетелеп, сенімен қандай жағдайда да бірге болатын ұғым»,-деді. 

Өз кезегінде мұндай бағдарламалардың маңыздылығын Мағжан Әуезов те айтып, аталмыш шараның ерекше дарынды балаларды ынталандыруға септігін тигізетін тиімді жоба екендігін атап өтті. 

Сарапшылардың пікірлерінше, жас мамманның осындай шәкіртақылық бағдарламаларға қатысуы оның белсенділігі мен өз ісіне деген сенімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл оның еңбегінің, ұмтылысының, осындай  жастығына қарамастан өзімен жұмыс істей білуінің лайықты бағасы болмақ.

Олжас Құдайбаргенов болашақта шәкіртақы иелерінің саны биылғы жылы тіркелген 270-тен де көп  болатындығына сенім білдірді. 

«Мен 2016 жылы тағы екі ірі компаниямен келісім жасаймын. Маған соңғы уақытта ата-аналар көптеп келуде, осыған дейін олар біз қолға алған жобаның өміршеңдігіне сенімсіздік танытып келген болатын. Енді олар бағдарламаның үлгерімі жақсы студенттердің барлығы үшін қолжетімді екендігіне көз жеткізіп отыр. «Айлық шәкіртақы» бағдарламасы аясында «Kaspi Bankтің» Директорлар кеңесінің мүшесі Вячеслав Ким мен Казкоммерцбанк Директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевтің бастамаларымен банктер 2015 жылы шәкіртақыға 30 миллион теңге бөлген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу