«Қамкөңіл қарттар» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қамкөңіл қарттар»

04.11.2015
 «Қамкөңіл қарттар»

Қартын қазынасына балаған қазақтың бүгінгі қариялары неге қарттар үйін паналап жүр? Балаларын өсіріп, үйлендіріп, енді қызығын көремін, деп отырғанда ұл-қыздары осында әкеліп тастаған. Мұнда олар түрлі себеппен келген.

Бойынан әл кеткен шақта қолтығынан демер жақыны қалмай, шарасыздықтан қарттар үйін паналағандар болса, бір сәрі. Алайда, бұл мекемедегілердің денінің отбасы, бала-шағасы, немере-шөбересі бар. Қиыны сол...

Қалған санаулы ғұмырын отбасынан жырақта өткізген қам көңіл қариялар туралы бүгін 11:45-те  «Айтуға оңай...» хабарының қайталауынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу