Алматыда «Ұлы Жібек жолы тарихы — Шэньси провинциясының көлеңкелер театры» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұлы Жібек жолы тарихы — Шэньси провинциясының көлеңкелер театры» атты көрме ашылды

04.11.2015
Алматыда «Ұлы Жібек жолы тарихы — Шэньси провинциясының көлеңкелер театры» атты көрме ашылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражайда «Ұлы Жібек жолы тарихы — Шэньси провинциясының көлеңкелер театры» атты көрме ашылды. Көрсетілімге фотосуреттер мен көлеңкелер театрының құрылу тарихы, осы саладағы танымал суретші Вань Тань Вэннның жұмыстары қойылған. Бұл өнер туындылары Қытайдың Цинь және Минь династиялары билігі кезеңінде жасалған.

«Бүгін мұражайға қойылған суреттерден Тань императорының атпен поло ойнап жүргенін, алғашқы мемлекет құрған Тинь Шинь Хуа императорының әскерімен бірге тұрған бейнелерін көруге болады. Бұл туындылардың бәрінде Ұлы Жібек жолының мәдениеті байқалады. Себебі, Ұлы Жібек жолының тарихы Тань және Хань династиясынан басталады»,-дейді мұражай директоры Ванг Бинь.

1700 жылдық тарихы бар көлеңкелер театры Қытайдың Чанянь қаласында пайда болған. Бұл  өнер түрі Қытайдың бес династиясының тарихымен байланысты. Ол визуалды өнердің және қытай драматургиясының негізі.

Көлеңкелер театрының репертуарында халық аңыздары, махаббат және батырлық тақырыбындағы шығармалар сияқты тағы көптеген жанрды қамтитын бірнеше актілі спектакльдер мен опералар бар.

Ерекше көрмеге барамын десеңіз, желтоқсанның 23-не дейін есік ашық. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу