Алматы қаласының тұрғыны Егор Швецов «Вобла» мейрамханасында күзетші болып жұмыс істеп жүреді. Күнделікті түсетін табыстың мол екенін көрген оған кассирді тонау туралы ой келеді.
Осылайша, жанына сыбайлас іздей бастайды. Нәтижесінде бұрын сотты болған Дмитрий Когайды қылмысқа тартады. Олар мейрамханадан түскен күнделікті табысты кассир қыз бен бір ғана күзетшінің алып жүретінін жақсы білетін еді.
Екеуіне қарақшылық шабуыл жасау жоспарын құрады да, тағы екі қылмыстық топтың мүшесін табады. Ұйымдасқан қылмыстық топ кассир қызды бір рет тонап, құқық қорғау органдарының құрығынан сытылып кетеді.
Екінші тонауды олар қалай ұйымдастырды? Бүгін 19:05-те «Қылмыс пен жаза» хабарынан көре аласыздар.