Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Мақсат Ынтықбаевтың «Мен ғашықпын» әнін жаздырған әншіге бүгінде әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылуда.
«Алғашында Мақсат Ынтықбаев бұл әнді гитарамен өзінің орындауында жіберді. Әнді тыңдаған бетте, өзімнің орындауымды, өңдеуін елестеттім. Бірден менің әнім екенін сезімдім. Қиялымдағы әндердің бірі шығар, сол себепті әнді орындауға бірден келістім»,-дейді әнші.
«Әнді сезіп отырамын. Менікі екенін сезінген соң ғана орындаймын. Сондай-ақ, әнді ала салып орындай салмаймын. Оны алдымен өзіме сіңіріп, іштей пісіріп бірақ қолға аламын».
«Астанаға келудегі негізгі мақсатым – мектеп ашу, шәкірт тәрбиелеу. Әзірге гастрольдік сапарды кейінге қалдырмақпын. Себебі, «Мен ғашықпын» әнін халық қалай қабылдайды, соны бағамдап көрмекпін. Мүмкін болашақтағы концертім осы әнмен аталар».
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.