Ауа райы: Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі

02.11.2015
Ауа райы: Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал. Тек оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде сырма жүріп, көктайғақ, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Атырау облысында жел 17-22 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болуы ықтимал.

 

Хабарламаларға жазылу