Еттен бас тартудың пайдасы мен зияны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еттен бас тартудың пайдасы мен зияны

02.11.2015
Еттен бас тартудың пайдасы мен зияны

Иммунитетті көтеріп, есте сақтау қабілетін жақсартудың тағы бір әдісі – дұрыс тамақтану. Дәрігерлер әсіресе, етті көп тұтыну керек, дейді. Соның ішінде жылқы етінің пайдасы зор. Алайда, бүгінде ет жемейтіндер саны да көбеюде.

Мадонна, Айшвария Рай, Пенелопа Круз, Моника Белуччи сынды танымал Голливуд және Болливуд жұлдыздары етті бала кезден тұтынбайды екен. Ал, Бред Питт, Брюс Ли, Жан Клод Ван Дамм, Майкл Джексон сынды жұлдыздар киноиндустрияға келген сәттен бастап еттен бас тартқан.

Ет жемеудің пайдасы мен зияны туралы мамандар не дейді? Диетолог мамандар еттің құрамында адам ағзасына қажетті барлық дәрумен болатынын айтады. Олардың пікірінше, әр адам күніне 150-200 грамм ет тұтынғаны жөн.

«Тек етте ғана толық құнды ақуыз кездеседі. Адам ағзасына қажетті алмастырылмайтын аминқышқылдары деген заттектер болады.  Олар адам ағзасына тек тағам арқылы түседі. Бұлар қан айналымды жақсарту, оттегімен қоректендіру сияқты маңызды қызмет атқарады. Осы алмастырылмайтын аминқышқылдарының негізгі көзі – ет өнімдері»,-дейді тағамтанушы, диетолог Майгүл Сейдоллақызы.

Құнарлылығы жоғары ет өнімі өте пайдалы десек, оны тұтынудан бас тартқандар денсаулығын қалай күткені дұрыс?

Майгүл Сейдоллақызы: «Вегетариандар ет өнімдерін ақуыздың көзі болатын  тағамдармен алмастыруына болады. Оларға көбіне бұршақ өнімдері жатады. Мысалы, үрме бұршақ, соя, фасоль, көк бұршақ».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу