Психикалық күйзеліске Toxoplasma gondii паразиті ұшыратуы мүмкін деген күдік бар. Бұл паразиттен ғалымдар бұрыннан күдіктенетін. Ал, тышқандарға жүргізілген арнайы тәжірибе осы паразиттің әсерінен тышқандардың мінез-құлықтарының бұзылып, ессіз әрекеттерге баруға мәжбүрлеген. Мысалы мысықтардың нәжісінің иісі әдетте тышқандады шошындырады, ал жүйкесі бұзылған тышқандар керісінше өзін аңдып жүрген жыртқыштың аузына өздері барып түседі. Токсоплазмамен науқастанудың адам мінезіне де әсер ететіні анықталған.