Таяуда Отырар ауданының 80 жылдығы және қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдығы аталып өтті.
Композитордың туған жерінде - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүбірлі той болды. Аудан орталығынан қашықта жатқан Сарыкөл ауылында ескерткіш бой көтерді.
Себебі Шәмші Қалдаяқовтың дүниеге келген Қалдаяқ ұстаның қарашаңырағының орны осы ауылда болған. Қазақ әнін әлемге танытқан сазгердің алғашқы іңгәлаған дауысы да осы жерде естілген.
Айтулы шараға әлем ақыны атанған Мұхтар Шаханов, Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Қалдыбек Құрманәлі арнайы келді.
Жаңа ескерткіштің ашылуына Отырардың ақын қызы Әселхан Қалыбекова мен аудан әкімі де атсалысты.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.