Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Абу-Дабиде өткен дзюдодан жастар арасындағы Әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Әлем чемпионы атанған Мағжан Шәмшәдин қонақта болып, жарыстан алған әсерімен бөлісті.
«Әлем чемпионатына 85 елден спортшылар келді. Біздің елден 11 спортшы қатыстық. 55 келі салмақта бірінші күні топ жардым. Бірінші кездесуімде Өзбекстан палуанымен шығып, 5 ұпаймен жеңдім. Қиын болған қарсылас – армян палуаны. Себебі бұл кездесуде ашыла алмадым. Алайда, кездесудің соңында күш қосып, жеңіп шықтым», - дейді Мағжан Шәмшәдин.
Сондай-ақ, ол Әлем чемпионы атағын алар сәтте қандай сезімде болғанын баяндады.
«Ол кездегі сезімді айтып жеткізе алмаймын. Иығыңнан жүк түскендей қуанып, Көк Туың желбіреп, Әнұран ойнап тұрғанда кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді екен», - дейді ол.
Мағжан Шәмшәдиннің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.