Анкарада «Қобыланды батыр» мен «Қыз Жібек» дастаны түрік тілінде жарық көрді. Бұл туралы Алматыдағы Достық үйінде өткен «Жыраулық дәстүрдің тарихы, мектептері, орындаушылық ерекшеліктері, шығармашылық түрлері және бүгінгі жай-күйі» атты дөңгелек үстел барысында белгілі болды.
Шарада шығыстану факультеті, ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі, профессор Асқар Тұрғанбаев «Қобыланды батыр» дастанының Түркияның Ардахан университетінің «Манас. Манасшылардың қазіргі ізбасарлары: ақын мен жыраулар, озан мен кайчы, ашыклар» атты халықаралық ғылыми жобасы грантын алғанын хабарлады.