Жарыста 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түспек.
«Жарыстың мақсаты – үздік команданы анықтау, сондай-ақ, Азия чемпионатында белдесетін палуандарды іріктеу», дейді халықаралық дәрежедегі төреші Марат Нұржанов.
Айта кетейік, турнирге 280 палуан қатысып жатыр. Жарыс үш күнге созылады.