Оқ ату спортының ерекшелігі қандай? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқ ату спортының ерекшелігі қандай? (ВИДЕО)

29.10.2015
Оқ ату спортының ерекшелігі қандай? (ВИДЕО)

Оқ ату спортында мергендер арнайы спорттық киімдер киеді. Онсыз ату алаңына жіберілмейтін спортшылар киімнің теріден немесе былғарыдан тігілуін қадағалау керек.

Сондай-ақ, күртешедегі түймелерді тағуға арналған арнайы ілгіштер, қолды терлетпейтін қолғап, мергеннің көзіне жан-жақтан түсетін жарықтан қорғайтын пердеше – мұның бәрі жарыста жақсы нәтиже көрсетуге септігін тигізеді.

 Оқ ату спорты спортшының қабілетіне қарай түрлі талаптарды қажет етеді. Ең бірінші мерген ату кезінде бар ынтаны салып, жан-жағына көңіл аудармай, жинақталуы қажет.

Себебі бұл спорт түрі спортшылардың психологиялық белсенділігін арттырып, көңіл аудару, ынта қою, есте сақтау қабілеттерін дамытады.

Оқ ату спорты туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу