Сағаділда Үсібәлі: «Қазақ елі» фильмінің сценарийі 15 күннің ішінде жазылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағаділда Үсібәлі: «Қазақ елі» фильмінің сценарийі 15 күннің ішінде жазылды

29.10.2015
Сағаділда Үсібәлі: «Қазақ елі» фильмінің сценарийі 15 күннің ішінде жазылды

Бүгін «Таңшолпанда» актер, сценарист, «Сақ» киностудиясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» толықметражды фильмінің сценарийін жазған Сағаділда Үсібәлі қонақта болды.

 «Қазақ елі» толықметражды фильмінің сценарийі рекордты уақытта - 15 күннің ішінде жазылды. Әрине, тарихшылардық ақыл-кеңесімен жасалды. Сценарийге Жамбыл Артықбаевтың еңбектерін қолдандық. Есімі елге әйгілі Дулат Исабековтің кеңесін алдық», - дейді Сағаділда Үсібәлі.

Сондай-ақ, ол фильмге алғаш рет сценарий жазғанын айтты.

«Бұл – үлкен жобадағы алғашқы жұмысым. Бұрын кішігірім қойылым, 7-10 минуттық интермедиялардың сценарийін жазатынмын. Олардың бәрін жинасам, кітап болып қалады. Бейнебаян түсірумен де айналыстым. Осының бәрі фильм сцернарийіне деген құмарлығымнан туындаса керек», - дейді сценарист.

Сағаділда Үсібәлінің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу