Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Қамалованың айтуынша, үздік әлеуметтік жобалар байқауы елімізде 2012 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
«Аталмыш байқауда Павлодар облысы «Үміт Үзбеу» қоғамдық қорының «Материнских рук – творение» жобасы жоғары бағаланып, бір миллион теңге ақшалай жүлдемен марапатталды. Жобаның авторы Гаухар Омарова «Ахметова» жеке кәсіпкерлігімен бірлесіп, жалғызбасты және көру қабілетінен айырылған бірнеше әйелге массаж жасау қызметін тегін үйреткен», - дейді Гүлнар Қамалова.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, Павлодар қаласындағы «Клубный дом Альрами» ақыл-есі нашар дамыған адамдарға арналған қоғамдық бірлестігінің «Дом Несобранных Душ» жобасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілгінің сайтында онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп (5042) дауыс жинаған.
Сондай-ақ, үздік жобалардың ішінде Екібастұз қаласының «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы» қоғамдық қоры бар. Айта кетейік, конкурста республика бойынша 164 жоба таныстырылған.