«Таңшолпан» ұмытшақтықтың алдын алуға арналған кеңес ұсынады:
- Кітап оқыңыз
Кітап оқы кезінде ми жұмысын жетілдіресіз. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруына себепші болады.
Сол арқылы оқу – сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіреді. Сөздік қорыңызды байытады.
- Компьютер ойындарын ойнаңыз
Бірақ миды жаттықтыру үшін жарты сағат не бір сағат жеткілікті. Логикалық ойындарды ойнау барысында ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды.
- Не нәрсені үйренгіңіз келеді?
Не керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күшіңізді жаңа әуес іске жұмсаңыз. Ешқашан айналыспаған істі істеңіз. Миыңыздың белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
- Ұйқыға көңіл бөліңіз
Миды сергек қалыпта ұстау үшін 8 сағаттық ұйқы керек. Сондықтан оған ертеңгі қиындықты шешу үшін жақсы демалыс керек.
Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.