Алматыда Сырлыбек Бекботаевтың «Тыныштық ырғағы» атты көрмесі өтуде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Сырлыбек Бекботаевтың «Тыныштық ырғағы» атты көрмесі өтуде (ВИДЕО)

28.10.2015
Алматыда Сырлыбек Бекботаевтың «Тыныштық ырғағы» атты көрмесі өтуде (ВИДЕО)

Алматыда Сырлыбек Бекботаевтың «Тыныштық ырғағы» атты алғашқы жеке көрмесі ашылды. Көрменің бұлай аталуының өзіндік себебі бар.

Ол кең далада өмір сүретін жандардың еркін де бейқам өмірін паш етуді көздеген екен.

Суретшінің пайымдауынша, қоғамдағы түрлі оқыс бетбұрыстарға қарамастан, көпшілік бірқалыпты ғұиырын жалғастыра береді.

Қылқалам шебері өз туындылары арқылы көшпелі халық тұрмысының бір сәтін бүгінгі заман жастарына жеткізуге тырысады.  

Сырлыбек Бекботаевтың көрмесі қараша айының 9-ына дейін жалғасады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу