Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған балабақша салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған балабақша салынбақ

27.10.2015
Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған балабақша салынбақ

Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Зәуреш Мұқашеваның айтуынша, бүгінде мүмкіндігі шектеулі балғындарға лайықталған балабақшаның жабдықтау жұмыстары аяқталды. Нысан қарашаның 10-на дейін ашылады, деп күтілуде.

«Бүгінде 60 мүгедекке жолдама берілді. Балабақшада зияткерлік дамуының бұзылуы мен сөйлеу қабілеті нашар балғындарға арналған 5 топ жұмыс істейді. Осында еліміз бойынша аутистерге арналған тұңғыш топ ашылады», - дейді З.Мұқашева.

Еске сала кетейік, облыстық Білім еру басқармасының ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда өңірде мектепке дейінгі жастағы екі мың мүмкіндігі шектеулі бала бар.

Хабарламаларға жазылу