Мәскеуде «Қазақстан-Ресей» әдеби альманахының тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде «Қазақстан-Ресей» әдеби альманахының тұсаукесері өтеді

27.10.2015
Мәскеуде «Қазақстан-Ресей» әдеби альманахының тұсаукесері өтеді

27 қазан күні Ресей мемлекеттік кітапханасының шығыс әдебиеті орталығында «Қазақстан-Ресей» альманахының тұсаукесері өтеді. Бұл басылым Қазақстанның Ресейдігі елшілігі мен Қазақстан жазушылар одағы, «Литературная газета», «Роман-газета» бастамасымен қолға алынды.   

Жинаққа Олжас Сүлейменов, Юрий Поляков, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Владимир Личутин, Нұрлан Оразалин, Лев Аннинский, Әбіш Кекілбаев, Евгений Рейн, Бақытжан Қанапиянов сияқты екі елдің белгілі әдебиетшілерінің туындылары енген.

Қазақстандық-ресейлік альманахтың тұсаукесеріне Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Марат Тәжин, РФ Президентінің халықаралық мәдени байланыстарына жауапты арнайы өкілі Михаил Швыдкой, «Литературная газета» басылымының бас редакторы Юрий Поляков, «Роман-газета» басылымының бас редакторы Юрий Козлов, жинаққа шығармалары енген жазушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, екі елдің ғалымдары мен журналистері және қазақ диаспорасының өкілдері қатысады.

Хабарламаларға жазылу