Қазақ ҰӨУ колледжінің студенттері Ресейде өткен суретшілер байқауынан жүлдемен оралды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ҰӨУ колледжінің студенттері Ресейде өткен суретшілер байқауынан жүлдемен оралды (ВИДЕО)

27.10.2015
Қазақ ҰӨУ колледжінің студенттері Ресейде өткен суретшілер байқауынан жүлдемен оралды (ВИДЕО)

Қазақ Ұлттық өнер университеті колледжінің студенттері Рүстем Беркімбаев пен Нұргүл Байзуллова Ресейдің Воронеж қаласында өткен суретшілер байқауынан жүлдемен оралды. 8 мемлекеттен келген 20 қылқалам шебері ішінен біздің екі суретші үздік деп танылды.

«Басқа елдердің суретшілерімен тәжірибе алмастық. Біздің қазақстандық суретшілер ерекшеленді. Себебі стиліміз, бояу колоритіміз басқа болды», - дейді Нұргүл Байзуллова.

10 күн болған байқауда қатысушыларға берілген тапсырмалар да әртүрлі болды. Яғни, бір күн табиғат аясына барып, пейзаж салса, келесі күн натюрморт жанрына арналды.

Байқау туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу