Алматыда аудармашылар мен баспагерлерге арналған «Полифония» халықаралық әдеби фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда аудармашылар мен баспагерлерге арналған «Полифония» халықаралық әдеби фестиваль өтеді

27.10.2015
Алматыда аудармашылар мен баспагерлерге арналған «Полифония» халықаралық әдеби фестиваль өтеді

29 қазан мен 1 қараша аралығында Алматыда «Полифония» халықаралық әдеби фестивалі өтеді, деп хабарлайды қалалық Мәдениет басқармасынан. 

Төрт күндік әдеби құрылтайдың басты ұраны - «Тыңдау. Оқу. Түсіну». Фестиваль оқырман қауымға, авторлар, аудармашылар мен баспагерлерге арналған.

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі былтырғы құрылтайдың түрлі бағыттағы және көптілді әдебиеттің дәстүрлерін жалғастырады. Өткен жылы Алматыға түрлі тілде сөйлейтін, жазатын, бірақ әдебиет пен мәдени диалог арқылы ортақ тіл таба алатын Жапония, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Латвия, Италия мен Беларусь елдерінен қонақтар келді.

2015 жылғы «Полифония» шеңберінде өтетін дәрістер, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, музыкалық-поэтикалық кештер мен конкурстар кез келген жастағытоптарды қамтуға бағытталған.Фестивальдің мақсаты - кітап оқуды насихаттау, қазақстандық әдебиет пен баспагерлік істі дамыту, сапалы әдеби ортаны құру. Бұл міндеттерді орындау үшін Қазақстанда тұратын халықтар мен ТМД шеңберіндегі әдебиеттер арасындағы мәдени-әдеби дәстүрлер алмасуын нығайту, әлемдік әдеби кеңістікке шығу қажет. «Полифония» фестивалі осыған мүмкіндік туғызады.

Былтырғы шара нәтижесінде қазақстандық авторлардың шығармалары Ресей, Еуропа, Оңтүстік Шығыс, Орталық Азия елдерінде жарық көрді. Қазақстандықтар жазушылар, филология ғалымдары мен аудармашылардың шығармашылығымен, еңбектерімен таныса алды.

Биыл фестиваль қонақтары ретінде Польшадан Януш Леон Вишневский; Ресейден Денис Осокин, Леонид Бахнов, Валерий Воскобойников, Андрей Усачев; АҚШ-тан Бақыт Кенжеев, Мишель Чан Браун; Өзбекстаннан Евгений Абдуллаев; Финляндиядан Юкка Маллинен; Қырғызстаннан Вячеслав Шаповалов, Алексей Торк; Италиядан Эрика Леони шақырылды.

Хабарламаларға жазылу