27-29 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Батыстан шығысқа ауысып бара жатқан циклон кей аймақта жауын-шашын, желдің күшеюін тудырады.
Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында күндізгі температура +3 +13оС дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +15 +23оС дейін көтеріледі, ал батыста керісінше температура +7+15-тан 0,+8оС дейін төмендейді.