Ақын, әдебиеттанушы, сатирик, публицист, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Рәш 85 жасқа толды.
Мыңбай Рәштің жастық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келді. Ол 6 жасында анасынан жетім қалған.
Асқар таудай әкесі майданға алынған соң, балалар үйіне тапсырылды. Кітапты көп оқыған жеткіншек әдебиетке құмар болып өсті.
«Ара-Шмель» журналындағы қызметі Мыңбай Рәштің сықақ жанрында өндіре жазуына септігін тигізді. Оның осы тұстағы еңбегін басылымның алғашқы бас редакторы Ғабит Мүсірепов ерекше бағалады.
Ал, профессор Темірбек Қожекеев «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде сатира жанрына жаңа сарбаз келіп қосылды деген.
Осы күнге дейін Мыңбай Рәштің 42 жинағы жарық көрді. 43-ші кітабы баспаға дайын тұр.
Мыңбай Рәш туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.