Жас сыншыларға арналған тренинг - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас сыншыларға арналған тренинг

25.10.2015
Жас сыншыларға арналған тренинг

Роттердам  халықаралық кинофестивалі  (IFFR)  жыл сайынғы жас киносыншыларға арналған тренинг ұйымдастырады.

Қатысушылар  халықаралық кинофестиваль туралы «Daily Tiger» газетіне мақалалар жазып, IFFR сайтында блог жүргізеді. Сондай-ақ, тәжірибелі киносыншылармен кездесіп, фестиваль туралы жергілікті БАҚ-на жарияланатын материалдармен жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылар  2016 жылдың 28 қаңтары мен 6 ақпаны аралығындағы қонақ үй шығынын, сонымен қатар, Еуропадан тысқары аймақтан келетін  қатысушылардың жол шығынын төлейді.

Кандидаттар ағылшын тілін жетік меңгерген болуы тиіс. Сондай-ақ, фестиваль туралы материалдарды газет немесе онлайн БАҚ беттеріне жариялау керек.

Айта кетейік, байқауға кәсіби киносыншылардың  өтініштері қабылданбайды. 

Хабарламаларға жазылу