Роттердам халықаралық кинофестивалі (IFFR) жыл сайынғы жас киносыншыларға арналған тренинг ұйымдастырады.
Қатысушылар халықаралық кинофестиваль туралы «Daily Tiger» газетіне мақалалар жазып, IFFR сайтында блог жүргізеді. Сондай-ақ, тәжірибелі киносыншылармен кездесіп, фестиваль туралы жергілікті БАҚ-на жарияланатын материалдармен жұмыс істейді.
Ұйымдастырушылар 2016 жылдың 28 қаңтары мен 6 ақпаны аралығындағы қонақ үй шығынын, сонымен қатар, Еуропадан тысқары аймақтан келетін қатысушылардың жол шығынын төлейді.
Кандидаттар ағылшын тілін жетік меңгерген болуы тиіс. Сондай-ақ, фестиваль туралы материалдарды газет немесе онлайн БАҚ беттеріне жариялау керек.
Айта кетейік, байқауға кәсіби киносыншылардың өтініштері қабылданбайды.