Францияда болған көлік апатынан 50-ге жуық адам жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда болған көлік апатынан 50-ге жуық адам жанып кетті

23.10.2015
Францияда болған көлік апатынан 50-ге жуық адам жанып кетті

Көлік ішіндегі адамдарда аман қалатын ешқандай мүмкіндік болған жоқ, көліктер бірден өртенді, деп хабарлайды AFR.

Жол көлік апатынан небәрі 5-8 адам ғана тірі қалды. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ.  

Оқиға орнында өрттен-құтқару қызметінің 60-қа жуық қызметкері жүр. Сондай-ақ онда тергеушілер мен дәрігерлер, әлеуметтік қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына сонымен қатар, мерт болғандардың туған-туыстары да келіп жатыр. Оларға да қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.

Бұл көлік апаты 1982 жылдан кейінгі мерт болғандар саны жағынан екінші ірі апат ретінде тіркелді.  

Хабарламаларға жазылу